Ақмола облысында зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылды деп хабарлады turkystan.kz. «Айуандық қылмыс 24 сәуірде Жарқайың ауданында орын алған. Сағат 20:10 шамасында аудандық ішкі істер бөліміне Бірсуат ауылының маңында орналасқан жергілікті ЖШС-нің бірінің аумағынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат түсті. Жәбірленуші 1969 жылы туған осы ЖШС-нің атқарушы директоры болып …