Нұр-Сұлтан қаласында күйеуінен жәбір көрген әйел көпшіліктен көмек сұрады. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилова айтты деп хабарлады turkystan.kz «Адырна» сайтына сілтеме жасап. «2022 жылдың 27-ші наурызынан 28-ші наурызына қараған түні менің жұбайым Байметов Елнұр маған қасақана күш қолданды. Денсаулыққа келтірілген зиян сот-медициналық куәландыру актісімен де, медициналық құжаттама және өзге де медициналық құжаттар …