Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған шабуылдан кейін қайтыс болды деп хабарлады turkystan.kz Reuters сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін белгілі болғандай, Жапонияның бұрынғы премьері Синдзо Абэге Нара қаласында сөйлеп тұрған жерінде қастандық жасалып, екі оқ атылған болатын. Кеуде тұсынан жарақат алған ол ауруханада көз жұмды.