Талдықорған тұрғыны Алмас Мұқашевтің өліміне қатысты құқық қорғау органдарының 2 қызметкері қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты деп хабарлады turkystan.kz. Айта кетейік, Алмас Мұқашев қаңтар оқиғасынан кейін ұсталған. Марқұмның жақындары тергеу кезінде тыйым салынған әдістер қолданылғанын, көптеген дене жарақаты салынып, салдарынан дені сау адамның көз жұмғанын мәлімдеген болатын. …