Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп жасындағы оқушылардың хиджаб киюі мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Министрліктің тиісті бұйрығы бар. Біз – зайырлы мемлекетпіз. Мектептер де зайырлы мекеме. 2016 жылдан бері қабылданған бұйрық бар. Ол өзгермеді және өз күшін жойған жоқ. Әрине, мектеп формасын сақтау керек. Алайда шындыққа тіке қарап, проблеманы жасырмауымыз қажет. …