Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен онлайн режимде «Қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдары» тақырыбында өткен семинар-кеңесте елімізде тұратын этнос өкілдері мемлекеттік тілді дамытуға байланысты халыққа үндеу жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы осы жиынға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса айтты. «Кездесуде «Ватра» Украин мәдени орталығының төрағасы Тарас Чернега, «KAZAKH …