Экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді деп хабарлады turkystan.kz. «Нұрсұлтан Назарбаев жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе бойынша дауыс берді» деп жазды Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай әлеуметтік желіде. Еске салсақ, дауыс беру 9 964 референдум учаскесінде өтіп жатыр.