Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада 8-қабаттан құлап бара жатқан қызды құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевпен кездесті. Кездесу барысында оның отбасына көмектесетінін жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. Бейбіт күннің батыры Сәбит Қызылордадан Нұр-Сұлтанға жұмыс іздеп келген. Отбасылы, төрт баласы бар. Осы орайда, оған елорда әкімінің өзі көмектесетінін айтты. «Сәбитке осындай сәтте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс …