Қоғам белсендісі Мұрат Әбенов Facebook желісіне Теміртау ауруханасындағы келеңсіз жағдайдың видеосын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Видео авторы досы қолын кесіп алған соң дәрігерлерге әкелген. «Қолды тігу керек болды, ал дәрігерлер: «күте тұрыңыз, түскі ас уақыты» деді. Бұл біздің қаланың дәрігерлері. Ар-ұждан, ұят жоқ», – дейді камера ұстаған азамат. Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты …