Гагарин даңғылында салынып жатқан ғимараттың жанындағы ағаштардың кесілуі қала тұрғындарының назарына ілікті. Мұндай әрекеттерді заңсыз деп санаған олар дабыл қақты. Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы ел азаматтарының үндеуіне жауап қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.