Шымкентте азық-түлік қауіпсіздігін сақтап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының (ӘМАТ) баға тұрақтылығын қамтамасыз ету күн тәртібінен түскен емес. Бұл тауарлар сауда нысандарына берілген қаражат есебінен қаладағы 115 сауда орнында белгіленген ортақ бағада сатылып келеді.