Петропавлдағы №4 мектепке 9-сынып оқушысы балта мен пышақ алып келіп, оқушыларға шабуыл жасаған. Салдарынан үш бала зардап шекті. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. СҚО әкімі Айдарбек Сапаров ауруханада болып, зардап шеккен оқушылардың жай-күйін сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.