Otyrar.kz сайтының мәліметінше, ол 2022 жылғы 21 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында өзінің ағасы Е-мен сөзге келіп қалған. Жәбірленуші Е. сотталған Н-ді ұрып жіберген. Сотталушы Н. ағасына қол көтермей үйінен үш километр жерде орналасқан баудағы арқандаулы тұрған малдарына қарауға өзінің ВАЗ-2106 маркалы автокөлігіне отырып кетіп қалған.