"Ақбөкендер бойынша шешім әлі қабылданған жоқ. Бүгін ақбөкендерді аулауға мораторийді ұзарту туралы ұсыныс жібердік. Егер ұсынысымызды қолдаса, 2023 жылдың аяғына дейін ақбөкендерді аулауға тыйым салынады. Яғни, келесі жылы ақбөкендерді атпаймыз", - деді Брекешев Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып.