Жылдағы дәстүр бойынша желтоқсан айы Қазақстанда ең көп демалыс күндерімен мақтана алатын еді. Алайда, биыл ол мәртебесінен айырылды. 2023 жылы демалыс күндерінің көпшілігі қаңтар және наурыз айларында күтіледі. Қазақстандықтар бұл айлардың әрқайсысында 12 күннен демалады. Ал ең аз демалыс күндері ақпан мен қарашада – әрқайсысы 8 күннен.