"Қазақстан басым бөлігі әлі де антициклон мен соған байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан, тұрақсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр түрінде жауын-шашын болады", - делінген хабарламада.