Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады. Қазақстанның батысы жоғары қысым алқабында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай күтіледі, жел күшейеді, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл, батыста – тұман, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі.