Елорда әкімдігі мәліметінше, бүгінге дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) шығаруға арналған полигонда 1,6 миллион тоннадан аса қоқыс жиналған. Елордада өңделетін барлық қалдық 2012 жылы салынған, қуаттылығы жылына 250 мың тоннаға жуық қоқыс өңдеу зауытына жеткізіліп, 100 пайыз сұрыпталады.