«Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2023 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға басымдық беріледі», – делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.