23 қаңтар күні елімізде алғаш рет Абай облысының Семей қаласында 150 орынға арналған облыстық оңалту орталығы ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрлан Ұранхаев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов және қоғамдық ұйым өкілдері, ата-аналар, қала тұрғындары қатысты.