«Президент облыс әкімінің орынбасары болып жүрген, әлі қырыққа толмаған мені 2019 жылы министр қызметіне сайлады. Бұл — елдің алдындағы, президенттің алдындағы үлкен жауапкершілік еді. Мемлекет басшысы мені қабылдауына шақырып, осы қызметті сеніп тапсырған сәтте ойымда бір-ақ нәрсе тұрды. Аталған жайт осы қызметті атқарған 3 жыл 7 айдың ішінде де ойымнан бір сәтке шыққан жоқ. Бұл — абыроймен кету еді. Абыроймен кетуді ойладым. Қызметке тұру бөлек, одан абыроймен кетуді де ұмытпау керек», — деді Аймағамбетов.