Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов жұмыс орнын журналист Асхат Ниязовқа көрсеткен. Басшының кабинеті бірнеше бөлмеден тұрады екен. Нақты айтқанда, онда жұмыс бөлмесі, асхана, жуынатын орын да қарастырылған. Дегенмен, әкім өз кабинетінде өз қолымен ештеңе істемейтін көрінеді. Себебі журналистің "Шәйден кейін қалған лас ыдысты кім жуады?" деген сұрағына әкім ол қарамағындағы мамандардың қызметі екенін айтты.