18 қазанда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Шұғыла шағын ауданында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа ғимараттар суық сумен жабдықтаудан ажыратылады. Алатау даңғылымен Абай даңғылынан Сабденов көшесіне дейін, оның ішінде тұрғын үйлер №340, 341/1, 341/2, 341/3, 341/4, 341/5, 342, сондай-ақ, аудан әкімдігінің, прокуратураның, ХҚКО, ІІБ, №36 қалалық емхананың, №184 балабақшаның, № 200 мектеп-гимназияның ғимараттары кіреді.