Сот анықтағандай, былтыр қаңтар айында төтенше жағдай кезінде инкассатор болып жұмыс істейтін сотталушы Б. ақша айырбастау пунктіне шабуыл жасалғаны туралы шақыртуға барған. Жоғарыда аталған жерге ол әріптестерімен бірге келгенде жәбірленуші Н.-ны және басқа да адамдарды көрген. Ал ақша айырбастау пункті тоналған.