Ұлы Отан соғысының ардагерлері бүгін Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кезектен тыс сайлауда шет қалмады. Сайлау комиссиясының мүшелері ҰОС ардагері Филипп Губановтың үйінде болды. Ол №536 сайлау учаскесіне жататын "Құлагер" шағын ауданының тұрғыны.