Urlangan.kz деп аталатын платформаға сериялық нөмірі бар телефон, ноутбук, планшет, электронды сағат сынды 100 мыңнан астам техника енгізілген. Яғни, құрылғының кодын теру арқылы сатып алуға ұсынылған заттың ұрланған мүлік тізімінде бар-жоғын тексеруге болады. Қалалық прокуратураның хабарлауынша, мегаполисте соңғы үш жылда 10 мыңға жуық азаматтың мүлкі қолды болған.