Крематорийдің құрылыс жұмыстары 2021 жылдың желтоқсанында аяқталды. Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде орнатылған пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Крематорийді 2022 жылдың мамырында қосу жоспарда, – деп жауап берді қала әкімдігі ҚазАқпарат жолдаған сауалға.