«Семейде «Теплокоммунэнерго» коммуналдық кәсіпорнының берешегін өтеуге және жылумен жабдықтау объектілерін қамтуға мемлекеттік бюджеттен миллиардтаған қаражат бөлінеді, алайда бұл мәселелер шешіліп жатқан жоқ. Жекелеген сыйақылар үшін кәсіпорын директорлары жеке және заңды тұлғаларға орталық жылумен жабдықтауға қосылуға техникалық шарттар береді. Нәтижесінде қысым төмендейді, жылу шығыны артады. Бұл көпқабатты үйлердегі суық және ыстық судың болмауына әкеп соғады. Өзге де өңірлерде мұндай жағдай жиі байқалады», — деді Саян Ахметжанов.