- Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматша анықталып ұсталды. Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды,-деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.