2022 жылдың мамырында 17 жастағы жас жігіт ештеңеден сезіктенбей, Ақтау теңіз жаяу әскері қатарында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Қатардағы 164 сарбаздың ішінен ефрейтор шенін алған сарбаз әскери антын қабылдайды. Алайда туыстары "бейбіт заманда оны қорғайтын адам табылмады" деп отыр. Бозбаланың ағасы атын да, түрін де көрсетпеуді сұраған.