2023 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алуды электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Бұл ішкі көші-қон кезінде азаматтарды әскери есепке қою және одан шығарудың қажеттілігін алып тастауға мүмкіндік береді.