«7 сәуірде таңертеңгі сағат 08.20 шамасында «КамАЗ«маркалы көліктің жүргізушісі К.Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай жүріп келе жатып, тұрақта тұрған 6 автомобильді соққан. Бірнеше метр жүргеннен кейін ол көлігінен шығып, оқиға орнынан қашып кеткен», – делінген хабарламада.