Бұл жәдігерлер Елордаға алғаш рет әкелініп отыр. Экспонаттардың көбі «Алашордалықтар ізімен» экспедициясы кезінде табылған. Музей қызметкерлері тапқан құнды жәдігердің бірегейі – 1909 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген Абайдың өлеңдер жинағы. Жалпы, Қазақстан бойынша бұл кітаптың 5 данасы ғана бар екен. Соның бірі осы көрмеге қойылды. Бұдан бөлек, Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал», «Маса» кітаптарының, Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы басылған «Қартқожа» романының және Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1933 жылы шыққан жинағының түпнұсқасы қойылды.