«LRT-ны қаржыландыруға келетін болсақ, иә, шынында да, біз бұл жобаның кейінгі тағдыры не боларын көп талқыладық және осы жобаны одан әрі дамытудың әртүрлі схемаларын, әртүрлі нұсқаларын зерттей келе, ортақ пікірге келдік, халықаралық сарапшылардың пікірлерін және қала жұртшылығының бұл жобаны жүзеге асыруды жалғастыру және оны аяқтау қажет деген пікірін ескердік. Қазір біз бұл жобаны қаржыландыруды жалғастырудамыз, атап айтқанда, күзде құрылысты жалғастыру үшін қосымша 20 млрд теңге бөлдік», - деді Смайылов сәрсенбіде Мәжілісте.