Атырау облысында өткен брифингте №7 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлнафис Таңбаева қалада тыныс алу органдарының аурулары бойынша есепте тұрған 130 мыңнан аса адам барын, дәл қазіргі уақытта бетпердесіз еш жерге шықпау керектігін айтты. Оның айтуынша, көк түтін адам денсаулығына кері әсер етеді.