Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге келгендердің қатары көп болды. Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің ең кішісі — 21 жастағы университет түлегі болса, ең үлкені — зейнеткерлер.