Айыртас ауылының тұрғыны Мейрам Нұрмағанбетов досына қалжындап ауылдастар жабылып ақша жинап, тікұшақ сатып алдық деген ақпаратпен бейнежазба түсіріп жіберген. Алайда, кейіннен ол видео жан-жаққа тарап, әлеуметтік желілерге де жарияланған. Содан бірқатар БАҚ беттерінде де жарық көрді. Ақиқатында әуе кемесі сол маңда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан компанияға тиесілі боп шықты.