«Әлеуетті жобаларға тоқтала кетсем, жобалау процесінде 3 жаңа жоба бар. Атап айтқанда, бұл ретте Орал қаласының оңтүстік-батыс айналма жолымен «Атырау-Орал» (521 шақырым, 13 учаске), «Жезқазған-Қарағанды» (513 шақырым, 12 учаске), сондай-ақ «Ақтөбе-Ұлғайсын» (262 шақырым, 7 учаске) жолдары қамтылып отыр. Жобалау жұмыстарды биыл аяқтап, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталады», - деді А. Беков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.