“Мен онымен хабарласпағалы көп болды. Көп нәрсеге сене беретін жастан өтіп кеттім. “Ойбу, бейшара” деп аяп, сенетін жас болады. Ал есейіп, ақыл тоқтатқан кезде көп нәрсеге сене бермейсің. Сондай жағдайда жүрген, дүниесі бар адам ауырды дегенге сенбеймін. Ол – дені сау, жап-жақсы жүрген жігіт. Мен солай ойлаймын. Көзбен көрмегеннен кейін бір нәрсе айту қиын. Мүмкін, ауру шығар. Бірақ өз басым сенбеймін”, – дейді Бауыржан Ибрагимов.