Балалы отбасылардың құқығын және олардың заңды мүддесін қорғау мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Қазіргі таңда 1,6 миллион балалы отбасы әлеуметтік төлем мен жәрдемақы алады. Ана мен баланы әлеуметтік қорғау көпдеңгейлі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асады. Жүйеге бюджеттен төленетін жәрдемақының 5 түрі мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемнің 3 түрі кіреді. Биыл республикалық бюджеттен бұл мақсаттарға 537,1 миллиард теңге бөлінді. Бұл былтырмен салыстырғанда 13,3%-ға көп (2021 ж. - 473,9 млрд теңге). Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 361,3 миллиард теңге қарастырылған (2021 ж. – 295,8 млрд теңге).