Биыл қарулы күштер үшін қиын болса да, Қорғаныс министрлігі барлық қойылған міндетті орындады. 2022 жылы қорғаныс саласның негізгі күш-жігері Қарулы күштердің құрылымын жетілдіруге, жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталды. Жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес, әскери қауіпсіздік саласындағы құжаттар қайта әзірленді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қазіргі заманғы сын-қатерге сәйкес, әскери доктрина да қайта әзірленді, - деді Қамалетдинов орталық коммуникация қызметіндегі өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.