Банкноталарда "Алаш-Орда" қозғалысының қайраткерлері бейнеленген. 500 теңгелік банкнотта біртұтас Түркістанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Сұлтанбек Қожанұлы бейнеленген. 1000 теңгелікте алашордалық Міржақып Дулатов, 2000 теңгеде – тағы бір Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы, 5000-да Мұстафа Шоқай, 10 000-да – Кенесары хан, ал 20 000 теңгеде - Алаш үкіметі негізін қалаушылардың бірі және төрағасы Әлихан Бөкейхан.