ҚР аумағы бойынша циклон жырасы мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты қар жауады, батыста, шығыста, оңтүстік өңірінде – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, ҚР батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.