Былтыр желтоқсан айында Өзбекстанда үндістандық Biotech фармацевтика компаниясының «Doc-1 Max» препаратын ішкен балалардың жаппай өлімі тіркеле бастады. Бастапқыда жөтелге қарсы сироптан 18 бала қайтыс болса, кейін желтоқсанның соңында елдің Қашқадария облысында тағы бір бүлдіршін көз жұмды. Ал биылғы қаңтардың басында «Doc-1 Max» сиропын ішкен тағы бір баланың қайтыс болғаны белгілі болды