«Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің мәліметі бойынша 2022 жылы 129 707 жұп некеге тұрса, 51 220 жұп ажырасқан. Бұл дегеніміз үйленген жастардың 40 пайызға жуығы ажырасады деген сөз. Ажырасудың басты себебі материалдық қажеттілік екенін ескерсек, баспана бірінші орында», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдаған Дәулет Мұқаев.