Қанды қаңтарда ереуілшілердің бас көтеріп, қақтығыстың үдей түскен жері Республика алаңы болған еді. Сол уақытта наразы топтың бетін қайтарып, тәртіп орнату үшін қаланың барлық әскери жасағы жұмылдырылды. Оның ішінде десанттық шабуылдаушы әскерлері де бар еді. Олар мемлекеттік нысандарды қорғап, қалалық әкімдіктің ішінде оттың құрсауында қалғандарды босатты.