"Қазіргі таңда нормативтік актілерде электросамокаттар көлік құралының қандай да бір типіне жіктелмеген. Яғни, қолдану ерекшелігі мен техникалық айырмашылықтарына қарай мопедке жата ма, әлде скутерге жата ма, нақты жіктеу жоқ. Оның үстіне заңнамада бұл көлік құралдарына қойылатын талаптардың болмауы олардың нарықта сатылу және қолдану ережелерін, қауіпсіздік бойынша қойылатын талаптары мен сол талапқа сәйкестігін бағалау тетіктерін, маркілеудің бірыңғай талаптарын техникалық реттеуге мүмкіндік бермейді", - дейді министрлік өкілі.