ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары Серік Құспановтың айтуынша, елімізде 6 702 мектеп пен 5 585 балабақша бар. Алайда соның тең жартысында лицензияланған күзет қызметі жоқ. Оларды толық қамтамасыз ету үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлу керек деді ол.