2022 жылғы 28 қарашада сағат кешті 19:00-ден бастап Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы -30С-тан төмен болады деп күтілуде. Осыған орай жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешкі сағат 19:00-ден бастап жоғарыда аталған өңірлердің барлық республикалық автожолдарында дизельмен жүретін және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектеледі.