Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері аумақты барынша пысықтауды жүргізіп жатыр. Есіл ауданы УПП учаскелік инспекторы Айдар Задабеков әкімшілік учаскені аралау барысында пәтер ұрысын “ізін суытпай” ұстады.